KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 1 м/с, С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Нағыз әскерилерге арналған ойындар

30.09.2013, 18:00 266


Семей қаласында тұңғыш рет «Жас ұлан» республикалық әскери-патриоттық ойыны өткізілді. ШҚО жастар ісі жөніндегі басқармасы мен Жастар орталығы ұйымдастырған шараға 20 команда қатысты.

Ойынға қатысушылар алдымен Шоқан Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» ер балаларға арналған мектеп-лицей интернатының негізінде өткен саптық, ату және дене даярлығы бойынша сайысқа түссе, келесі кезекте нағыз әскери әрекеттерге айналған сында бәсекелесті.

Нағыз әскерилерге арналған ойындарБұл жерде «Шығыс» аймақтық басқармасының әскери техникасы, Төтенше жағдайлар топтарының тікұшақтары пайдаланылды.

Қатысушылар қарсыластың шартты позицияларын басып алуға тырысты. Командалардың әрекетін Ауған соғысы ардагерлері ұйымынң төрағасы, запастағы подполковник О.Фролов басқарды.

Ойын аяқталған соң жеңімпаздарды запастағы генерал-майор А.Мартынов марапаттады. Үздік үштікке Семей қаласы, Павлодар облысы және Зайсан ауданының командалары кірді.

ШҚО ақпараттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив