KZ
Өскемен
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
485.04 525.98 5.04

Шығысқазақстандық жастар саяси лагерьдің жұмысына қатысып қайтты

26.09.2013, 18:00 191


«Сұңқар» сауықтыру орталығында 11-17 қыркүйек аралығында «Жастар-Отанға» жастардың саяси лагерінің жұмысына қатысқан шығысқазақстандық команда елге оралды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Лагерь жұмысына барлығы 300-ден астам белсенділер, «Жас Отан» ЖҚ көшбасшылары, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Жастар үшін тренинг сабақтарын Қазақстанның беделді сарапшылары Лейла Асылбекова, Михаил Дорофеев, Әлішер Елікбаев, Ақсәуле Әлжан, Жанель Сариева, Арман Сүлейменов жүргізді.

Сұңқарлықтардың есінде қалатын кездесулердің бірі –«Нұр Отан» партиясы Төрағасының орынбасары Бауыржан Байбекпен жүздесу болды. Лауазымды қонақ жастарға «Жас Отан» жастар қанатының жұмысын қайта құру, аймақтардағы жастармен байланысты күшейту, жаңа әлеуметтік лифтерді жасау туралы әңгімеледі.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив