KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 3 м/с, ОБ
481.84 531.33 5.07

Қазақстаннан Қытайға алтын алып шықпақ болған күдікті ұсталды

22.09.2013, 18:00 234


"Қорғос" шекара бақылау отрядының қызметкерлері кеденшілермен бірлесіп Қазақстаннан Қытайға алтын шығармақ болған қылмысқа тосқауыл қойды Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстаннан Қытайға бара жатқан "Ютонг" рейстік автобусын тексерген кезде салмағы 4 килограмнан асатын, құны 30 миллион теңгеден артық 6 алтын құймасы алынды», делінген таратылған баспасөз парағында.

Аса құнды жүкті заңбұзушы көліктің мотор бөлігіне, құралдар салынған жәшіктің астына тығыпты. Күдікті ретінде жолаушылар автобусының жүргізушісі, Қытай Халық Республикасының 1969 жылғы азаматы тұтқындалды. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив