Шығыс Қазақстанда тоқтап тұрған көлікке соғылған мәшиненің жүргізушісі қайтыс болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Облыстық жол полициясы басқармасының ақпаратына сәйкес, Глубокое ауданындағы Винное ауылында ВАЗ-21063 автокөлігінің жүргізушісі жол шетінде тоқтап тұрған Тойота Виста көлігіне соғылған.
Жол апатының салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz