Өскемен қаласына ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың тапсырмасымен ІІМ-нің ақпараттық-насихат тобы келді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
АНТ мүшелері, олардың арасында ІІМ-нің мәдениет орталығы мен Ішкі әскердің Ән мен би ансамблінің ұжымдары да бар, 26-қыркүйекке дейін Зырян, Риддер, Семей, Курчатов қалалары, Қалбатау, Жаңғызтөбе, Шемонайха елді мекендерін аралайды.
«Топтың сапарының басты мақсаты – ішкі істер органдары мамандары мен ІІМ-нің ішкі әскерінің әскери қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Стратегиясы –2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа аяси бағыты» атты халыққа Жолдауын түсіндіру болып табылады», – деп түсіндірді ШҚ облыстық ішкі істер департаментінде.
Ақпараттық-насихат тобы сонымен қатар жеке құрам мүшелерінде мемлекеттік-құқықтық көзқарасты қалыптастыру, офицерлердің патриоттық сезімдерін ұштауға, оларды Ант пен қызметтік борыштарына адал болуға, ішкі істер органдарының имиджін көтеруге бағытталған шаралар кешенін ұйымдастырмақ.