KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
488.91 532.62 5

Өскемендегі бүлдіршіндердің 98 пайызы балабақшамен қамтамасыз етілген

16.09.2013, 18:00 126


Өскемен қаласындағы 19-мөлтек ауданда №15 «Рахат» балабақша-бөбекжайы өз есігін бүлдіршіндерге айқара ашты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы аясында 2011 жылы басталған ғимарат құрылысы биыл жазда аяқталған. Мекеме директоры Әсия Ысқаққызының айтуынша, қазақ тілінде тәлім-тәрбие беретін бұл бақша екі жастан алты жасқа дейінгі 250 баланы қабылдайтын болады. Сонымен қатар, мұнда бөбектерді мектепке дайындайтын шағын орталық та жұмыс істемек. Балабақшадағы 24 тәрбиешінің жиырмасы – жас мамандар, олар педагогикалық қызметтің қыр-сырын тәжірибелі әріптестерінен үйренуде.

Өскемендегі бүлдіршіндердің  98 пайызы  балабақшамен қамтамасыз етілген- 19-шы ықшам аудан – қаламыздың болашақ орталығы. Біздің жоспарымыз бойынша бес-алты жылдың ішінде осы жерде ең кем дегенде 20 мың адам тұратын шағын қалашық пайда болуы керек. Қазірдің өзінде мұнда 30-ға жуық ғимарат салынып жатыр, – деген облыс әкімі қуанышқа жиналған ата-аналар мен балаларды Қала күнімен құттықтады. Балғындарға 3D теледидарын тарту етті.

Осы күні қала орталығында, дәлірек айтсақ, Тәуелсіздік даңғылының бойындағы 26/1 үйде «Азамат» атты тағы бір балабақшаның ашылу рәсімі өтті. Қазақ және орыс тілдерінде тәрбие беретін 270 орындық бұл балабақша бүлдіршіндерді бір жарым жастан-ақ қабылдайды. Аталмыш мекеменің мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында ашылып отырғанын атап өткен жөн. Оның директоры Алмагүл Мыңбаева толықтай өз қаражаты есебінен ғимаратты бастан-аяқ жөндеп, талапқа сай жарақтап шыққан.

Өскемендегі бүлдіршіндердің  98 пайызы  балабақшамен қамтамасыз етілгенОның ашылу салтанатында аймақ басшысы Елбасының бүлдіршіндерді балабақшамен жүз пайыз қамту жөніндегі тапсырмасы облысымызда толықтай дерлік орындалып отырғанын жеткізді. Облыстағы балалардың 96 пайызы, ал Өскемендегі бүлдіршіндердің 98 пайызы балабақшамен қамтамасыз етілген, бұл – еліміздегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі. 2015 жылы аталмыш мәселе түбегейлі шешіліп бітуі тиіс.

Іс-шара соңында облыс әкімі мекеме ұжымына музыкалық орталықты сыйға тартты.

Суреттерді түсірген Е.Орынбаев

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив