KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Өскеменнің іргесіндегі Арматура зауыты ықшам ауданында балабақша ашылды

4.12.2017, 04:41 198

Өскеменнің іргесіндегі Арматура зауыты ықшам ауданында Тұңғыш Президент күніне орай балабақша ашылды. Салтанатты шараға қатысқан аймақ басшысы Даниал Ахметов халықты мерекемен құттықтады.


Арматура зауыты ауданының тұрғындары рухты әуендер әуелеген аумаққа асыға басып, ағылып жатты. Өйткені мұнда Тұңғыш Президент күніне орай балабақша ашылған болатын. 140 орынға шақталған тәрбие ошағы бүлдіршіндерді балабақшамен қамту мәселесін шешті. Нысан бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бой көтергенін айта кету керек.


AES компаниялар тобының қазақстандық бөлімшесі осымен облысқа екінші балабақшаның кілтін табыстап отыр. Аталмыш кәсіпорын 2012 жылы Семей қаласында 160 орындық балабақша салып берген болатын.


- Шығыс Қазақстан – бөбектерді мектепке дейінгі тәрбиемен 100 пайыз қамтыған облыстың бірі. Мұнда үш және алты жас аралығындағы балалар тәрбие алатын болады. Балабақшалар құрылысын бюджеттен тыс көздерден қаржыландыру Шығыста дәстүрге айналғаны қуантады. Осындай керемет мереке қарсаңында аудан тұрғындарын қуанышты оқиғамен құттықтау мен үшін де мәртебе, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.


«Дария» деген ат алған №13 балабақша-бөбекжай балаларды өмір дариясына бейімдеп қана қоймай, бойларына бәсекеге қабілеттіліктің алғашқы дәнегін сеппек. Өйткені мұнда тәрбие екі тілде беріледі. Жаңа ғимараттың іші-сыртын түгел аралаған облыс басшысы кең әрі жайлы етіп жасалған топ сыныптарына кіріп, музыкалық және спорттық құралдарды тамашалады. Бөбектер ғимарат ішінде қиындықсыз қозғалуы үшін жеделсаты да орнатылыпты. Ал медициналық кабинетте жас сәбилерді жұқпалы аурулардан сақтайтын құрылғылар қойылған.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив