KZ
Өскемен
+2°
туман Штиль
488.91 532.62 5

Отбасы күні Зайсан қаласында бес нәресте өмір есігін ашты

11.09.2013, 18:00 173


Отбасы күні Зайсан қаласында бес шаңырақ көтеріліп, тағы бес нәресте өмір есігін ашты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Елімізде тұңғыш рет тойланған Отбасы күні Зайсан қаласында тамаша тартулармен, қызықты қойылымдармен мерекеленді.

Мереке жәрмеңкеден басталды. Ал орталық алаңда өткен мерекелік шарада қаланың ең үлгілі деген жанұяларына марапат көрсетілді. Бұл 15 отбасының мүшелері – қала өмірінің әртүрлі саласында еселі еңбек етіп, туған өлке үшін аянбай тер төгіп келе жатқан әулет мұрагерлері.

Ал Серік Уәлиев пен Рақымбек Мадауытов шаңырақтарында отанасының жоқтығын білдірмей, ұясын ұйытып отырған жандар ретінде ерекше құрметке бөленді.

Бес бірдей жас жұптың некелері осы күні қиылды. Мереке қарсаңында бес нәрестенің өмір есігін ашуын да зайсандықтар мерекелік тарту деп қабылдады. Айтулы күнде отау құрып, сәбилі болған жанұялар сый-сияпат-тан да кенде қалмады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив