KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 1 м/с, С
443.44 480.51 4.88

Семей қаласында жыл басынан бері 14 шағын кәсіпкерлік нысаны өртенді

10.09.2013, 18:00 56


Семей қаласында жыл басынан бері 14 шағын кәсіпкерлік нысанында өрт оқиғасы тіркелді. Келген шығын 36 млн. теңгені құрап отыр., деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Осыған орай, қалалық мемлекеттік өрт қауіпсіздігін қадағалау бөлімінде өткен дөңгелек үстел барысында жобалау, құрылыс салу, түбегейлі жөндеу, ғимараттар мен нысандарды қалыпқа келтіру кезінде өрттен сақтану мәселелері төңірегінде кеңінен әңгіме қозғалды.

Басқосуда көптеген құрылыс иелерінің дайын ғимараттарды өз қалауынша өзгертіп, өрттен сақтану ережелерін бұзатыны, жобалық құжаттарды елемейтіні сияқты проблемалар көтерілді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив