KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, В
442.05 474.14 4.74

Тірек ауылдарының инфрақұрылымдары дамытылады

5.09.2013, 18:00 143


Еліміздегі тірек елді мекендерде жеткілікті өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым құрылатын болады. Бұл туралы өңірлік даму вице-министрі Серік Жұманғарин мәлім етті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Оның сөзіне қарағанда, бұл ретте «Өңірлерді дамытудың» бірыңғай бағдарламасы аясында жеке кешенді жоспар арқылы дамыту ұсынылмақ. Кешенді жоспарда жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейту мен жаңғырту, шағын және орта бизнесті, әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылымды дамыту, тұрғын үй құрылысын салу, мемлекеттік, қаржылық, сервистік және басқа да қызметтерді дамыту бойынша шаралар көзделеді.

– Тірек елді мекендерін және оларға іргелес аумақтардың тұр-ындарына қажетті әлеуметтік стандарттарды қамтамасыз ету үшін бұл ауылдарда жеткілікті өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым құрылатын болады. Өз кезегінде тірек ауылдар аудан орталығының, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың ықпал ету аймағына кіреді, – деді С.Жұманғарин.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив