KZ
Өскемен
-4°
туман Штиль
485.04 525.98 5.04

Өскемен қаласының екі тұрғыны күйік жарақаттарымен жедел жәрдем ауруханасына түсті

4.09.2013, 18:00 207


Өскемен қаласының екі тұрғыны күйік жарақаттарымен жедел жәрдем ауруханасына келді, олардың біреуін құтқарып қалу мүмкін болмады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 4-қыркүйекте жедел жәрдем ауруханасының қабылдау бөліміне 1969 жылы туған ер адам келіп түскен. Денесі 100 пайыз күйіп қалған 44 жастағы ер адамға дәрігерлердің көмегі қажет болмады, ол түнде қайтыс болды.

Осыдан кейін 4 сағат өтер-өтпесте қабылдау бөлмесіне тағы бір жігіт күйік жарақаттарымен өзі келген. 18 жастағы бозбаланың денесінің 16 пайызын күйік шалған. Оның жағдайы орташа деп саналады.

Облыстық ТЖД-нің мамандары екі зардап шегушінің де бір мекенжайдан түскенін анықтады. Қазір олардың үстіндегі киімдердің қалай өртенгені анықталуда. Алдын ала болжам бойынша, олар отты абайсыз пайдаланған немесе бірін-бірі өртеген.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив