KZ
Өскемен
+7°
небольшая облачность жел 2 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Мұрағат қызметіне тың технология енгізілді

2.09.2013, 18:00 139


Көкпекті аудандық мемлекеттік мұрағат мекемесі халықаралық стандарттық сапаға сәйкес қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін бағдарламамен жұмыс істейді. «Көкпекті ауданының мемлекеттік мұрағаты» сайтында жекелеген құжаттардың коллекциясы, өткізілген шаралар жөнінде ақпараттар бар, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Сондай-ақ, мұрағатта ұлттық мұрағат қорының құжаттарын пайдалануға, есеп жүргізуге, жинақтауға, сақтауға, электрондық қызмет көрсетуге сай іс-тәжірибе қалыптасқан. Бұл қызмет өтініш берушілерге электрондық мұрағаттық анықтама алуға мүмкіндік береді, мұра-ғаттың электрондық мекенжайы көрсетіл-се болғаны.
Жыл басынан бері мұрағат қызметкер-лері әлеуметтік-құқықтық сипаттағы 563 сұраныс қабылдап, оны толық орындады.

Соның нәтижесінде бұрын Көкпекті аудан-ында тұрған, алыс-жақын шетелдерге көш-кен азаматтар да электрондық анықтамалар алады. Электронды мұрағат бағдарламасын жүзеге асыру аясында Көкпекті ауданының мұрағатында ақпараттық технологияларды дамыту және жетілдіру жұмыстары жалғасын табуда, олар: құжаттарды сканерлеу, деректер базасын толықтыру, «электронды мұрағат» базасына мәліметтерді енгізу, жұмысқа қажетті жаңа деректер базасын құру.

Бір сөзбен айтқанда, мұрағатшылардың бұрынғы қарабайыр жұмысы келмеске кеткен. Қазір мұрағат қызметкерлері өз жұмысын жан-жақты меңгерген маман ғана емес, бүгінгі ақпараттық техниканың тілін жетік білетін бағдарламашы да.

Эльмира Тайырқызы

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив