KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
442.85 480.32 4.94

Семейліктер өздеріне ғаламтор арқылы қызмет көрсетуді үйренді

7.11.2013, 18:00 82


Семейдегі халыққа қызмет көрсету орталықтарында тұрғындардың өз-өзіне қызмет жасау секторлары ашылды. Мұнда адамдар сандық-электрондық жүйе арқылы қажетті ақпараттарды алу мүмкіндігіне ие, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ең тиімдісі сол, олар бұл қызметтерді үйден шықпай-ақ ғаламтор арқылы орындай алады.

№1 ХҚО бөлімінің бастығы Гүлнәр Идришеваның айтуынша, соңғы екі айда олардың арнайы секторларында 400-ге жуық кеңес берілген. Семейліктерге 200-дей электрондық қызмет үлгісі көрсетіліп, 250-дей сандық-электрондық жүйе арқылы өз-өзіне қызмет жасау үлгісі үйретілген.

Нәтижесінде жұрттың басым көпшілігін жылжымайтын мүлік, тіркеуге тұру, зейнетақылық аударым жөнінде ақпараттар алу бойынша сұрақтар жиі мазалайтыны анықталған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив