KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 2,6 м/с, Ю
481.84 531.33 5.07

Бесқарағайлық жастар мемлекеттік қызметті таңдайды

1.09.2013, 18:00 172


Бесқарағай ауданындағы жастар орталығында «Мемлекеттік қызметке қалай түсуге болады?» тақырыбында кездесу өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жастарды мемлекеттік қызметке түсу шарттарымен таныстыру, Бесқарағай ауданындағы бос лауазымдар жөнінде ақпарат беру мақсатында ұйымдастырылған басқосуға кісі көп жиналды.

Ұйымдастыру, кадрлық және мемелекеттік құқық жұмысы бөлімінің басшысы Руфия Кисамиева жиналғандарды мемлекеттік қызметке түсу ережелерімен таныстырып, аудандағы бос лауазымды орындар жайында хабардар етті.

Одан кейін жеткіншектер «Мемлекеттік Қызмет туралы» Заң жөнінде дайындалған бейнекөріністі тамашалады.

Жастар орталығының директорының міндетін атқарушы Мағжан Табылдин тестілеу науқанына қатысқысы келетіндерге сәттілік пен табыс тіледі.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив