KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 5,3 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Шаруа ауылдастарына 30 қап қияр тегін таратты

27.08.2013, 18:00 138


Бесқарағай ауданындағы «Зарина» шаруа қожалығының иесі Нұрбике Ажампейісова екі жылдан бері бақша өнімдерін өсірумен шұғылданып келеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шаруақор отбасы жыл сайын дерлік мемлекет тарапынан берілетін субсидиядан құрқол қалған емес. Олар көкөніс өсірудің жаңа технологияларын да қолданып отыр. Соның нәтижесінде ауылда бақша өнімдерінің түр-түрін молынан өсіруге мүмкіндік туды. Шаруалар аудан орталығындағы тұрмысы төмен отбасыларын қолдауды да ұмытпайды, олар осындай жандарға отыз қап қиярды тегін таратып берді.

Ерлі-зайыпты кәсіпкерлердің өздері тұратын Белокаменка ауылындағы әртүрлі мәдени шараларға да демеушілік жасаудан тартынған кезі жоқ. Ауылда кәсіптің көзін тауып, мал өсіріп, бақша егіп, өз істерінің игілігін көріп отырған еңбекқор жандар өзгелерге үлгі боларлықтай.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив