KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 3,5 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Миллион теңгенің ангор ешкісін ауылдастарына таратты

11.06.2013, 18:00 119


Көкпекті ауданындағы "Теректі" шаруа қожалығының басшысы Қанат Садықов құны бір миллион теңге тұратын 100 бас ангор ешкісін 20 ауыл тұрғынына тегін таратып берді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Тоқсаныншы жылдардың басында Қанат Садықов «Теректі» шаруа қожалығын құрып, бір ұжымның тізгінін қолға алды.
"Қанат Бидахметұлы бүгінде асыл тұқымды ешкі өсіретін «Теректі» шаруа қожалығына жетекшілік етуде. Ауданның ауыл шаруашылығы саласында қожалықтың өзіндік орны бар. Ол ауылдастарын жұмыспен қамтып отыр. Еңбекқор жігіт ағасы қайырымдылық шараларға да белсене қатысады", – дейді Теректі ауылдық округінің әкімі Ержан Күзембаев.

Теректіде «Туған жерге – тағзым» акциясы аясында игілікті шара өтті. Ауылдың Атымтай жомарты құны бір миллион теңге тұратын 100 бас ангор ешкісін 20 ауыл тұрғынына тегін таратып берді. Жалғызілікті аналар, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылар, зейнеткерлер Қанаттың мұндай мәрттігіне ризашылық білдірсе, ауыл өнерпаздары мен мектеп оқушылары ән мен жырдан шашу шашты.

– Қанат Бидахметұлының шапағатты ісі қарапайымдылығы мен адамгершілігінің биік деңгейін көрсетеді. Балаларымыз туған жерді сүюді осы кісіден үйренсе дейміз, – деп ағынан жарылды көпбалалы ана Алмаш Тоқтарова.

Эльмира Тайырқызы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив