28-тамызда сағат 10.00-де Өскемен қаласындағы Оқушылар шығармашылық сарайында Шығыс Қазақстан облысының білім саласы қызметкерлерінің тамыз кеңесі болады , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Білім беру саласы мамандарының ең басты жиынында мектеп түлектерінің білім және тәрбие сапасының үрдісін жақсартуға жағдай жасау мәселелері, біліммен қамтамасыз ететін механизмдер, жыл қорытындысы мен жаңа оқу жылына қойылатын міндеттер мен талаптар талқыланады. Тамыз кеңесінде 8 секция жұмыс істейді, оған облыстың 400-ден аса педагогы шақырылған.
Осы басқосу барысында «Үздік педагог - 2013», «Орта білім беретін үздік ұйым-2013» конкурстарының жеңімпаздары марапатталмақ.