KZ
Өскемен
небольшая облачность жел 2 м/с, СБ
478.54 533.76 5.17

Бүгін Шығыс Қазақстанда «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты II халықаралық форум өз жұмысын бастайды

25.08.2013, 18:00 285


Бүгін Шығыс Қазақстанда «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты II халықаралық форум өз жұмысын бастайды. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы және Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті бірлесе өткізетін форумның негізгі міндеті - түркітілдес халықтардың рухани мұрасын сақтау, дамыту және насихаттау, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Симпозиумге әлемнің 20-дан астам елінің ғалымдары, алтайтанушылар, профессорлар, қоғам қайраткерлері жиналмақ. Форумның құрметті қонағы ретінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед , белгілі жазушы, ақын қоғам қайраткері, Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі Олжас Сүлейменов, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қайсенов, Жапонияның Қазақстандағы Төтенше әрі өкілетті Елшісі Харада Юдзо , Түркияның Қазақстандағы Елшілігінің хатшысы Бетюль Мерве Топалголу , Монғолияның Баянөлгий округінің әкімі Дармен Кузыкейұлы , ғалымдар мен оқымыстылар шақырылды.

Бірінші күні, 26 тамызда 400-ден астам адамның қатысуымен ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. 45 құрметті қонақ шақырылды, оның ішінде ЮНЕСКО-дағы Қазақстанның тұрақты өкілі – Олжас Сүлейменов, ТЮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы – Дүйсен Қасеинов, Түркі академиясының президенті – Шәкір Ыбыраев, ҚР ғылыми академиясының президенті – Мұрат Жүрінов, Жапония, Оңтүстік Корея, ОАР Төтенше Өкілетті елшілері, сондай-ақ, Түркиядағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі – Жансейіт Түймебаев.

27-тамыз күні Катонқарағай ауданы Берел ауылы маңындағы «Патшалар жазығында» өтетін музыкалық фестивальда қазақ халқының салт дәстүрлері (Тұсау кесер, Сүндет той, Келін түсіру, Балаға ат қою, Құда түсу, Қыз ұзату, Бастанғы, Ұрын келу, Қымыз мұрындық) театрландырылған көрініс ретінде көрсетіледі.

Фестивальға Қазақстан, Түркия, Якутия, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Башқұртстан, Әзірбайжан және басқа да мемлекеттерден өнер қайраткерлері қатысады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив