KZ
Өскемен
-5°
переменная облачность Штиль
478.54 533.76 5.17

Түркі елдерінің басын қосқан форум Шығыс Қазақстанда өтеді

20.08.2013, 18:00 107


Орталық Коммуникациялар қызметінің кезекті брифингісі Шығыс Қазақстан облысында 26-27 тамыз күндері өтетін "Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі" форумына арналды. Брифингке қатысушылар форумның бүкіл түркітілдес елдер үшін маңызын сөз етті.

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы және Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті бірлесе өткізетін форумның негізгі міндеті - түркітілдес халықтардың рухани мұрасын сақтау, дамыту және насихаттау.

Биылғы форум мемлекеттік хатшының ұлттық тарихты модернизациялау және тарихи зерттеулерге жаңа тәсілдерді пайдалану туралы қойған міндеттерінің аясында ерекше маңызға ие болып отыр.

Жаңа міндеттер контексінде түркітілдес халықтардың мәдени мұрасын толыққанды зерттеу ерекше өзектілік табады. Ендігі кезде мәдени мұраны толыққанды пайдаланып, болашақ ұрпаққа сақтап жеткізу үшін түркітілдес халықтардың саяси, әлеуметтік-экономикалық бірлестіктерін объективті тұрғыда қайта қарастыру керек.

Басты мақсат – өскелең ұрпақты дәстүрлердің толыққұқылы мұрагері етіп тәрбиелеу. Жастар өз халқының тарихы мен мәдениетін біліп қана қоймай, өзінің туған отанын мақтан тұтуы қажет.

–Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда тарихты қайта жаңғырту сұрақтарына үлкен көңіл бөлінуде. «Халық тарих толқынында» мемлекеттік бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысында өңір тарихын оқу туралы үлкен жұмыстар жүргізілуде.Шығыс Қазақстан ЖОО ғалымдары түркітану мәселелері бойынша маңызды ғылыми зерттеулер жүргізуде. Алдағы Форум аталмыш сұрақтарды талқылаудың маңызды алаңы болады, - деді брифингте ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар.

Бірінші «Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» форумы 2011 жылы облыс орталығы Өскемен қаласында және Катонқарағай ауданында өткізілді. Және форумды 2 жылда бір рет өткізіп отыру туралы шешім қабылданды.

Форумға 20-ға жуық шет ел өкілдері (Ресей, Жапония, Тува, Татарстан, Қырғызстан, Түркия, Хакасия, Башкұртстан, Алтай аймағы, ОАР, Түркіменстан, Жапония, Әзірбайжан, Қырғызстан, Корея елдерінен ғалымдар, елшілер, қоғам қайраткерлері) шақырылды. Жалпы Форумға музыкалық конкурстарға қатысатын адамдарды қосқанда 90 адам келеді деп күтілуде.

Бірінші күні, 26 тамызда 400-ден астам адамның қатысуымен ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. 45 құрметті қонақ шақырылды, оның ішінде ЮНЕСКО-дағы Қазақстанның тұрақты өкілі – Олжас Сүлейменов, ТЮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы – Дүйсен Қасеинов, Түркі академиясының президенті – Шәкір Ыбыраев, ҚР ғылыми академиясының президенті – Мұрат Жүрінов, Жапония, Оңтүстік Корея, ОАР Төтенше Өкілетті елшілері, сондай-ақ, Түркиядағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі – Жансейіт Түймебаев.

27-тамыз күні Катонқарағай ауданы Берел ауылы маңындағы «Патшалар жазығында» өтетін музыкалық фестивальда қазақ халқының салт дәстүрлері (Тұсау кесер, Сүндет той, Келін түсіру, Балаға ат қою, Құда түсу, Қыз ұзату, Бастанғы, Ұрын келу, Қымыз мұрындық) театрландырылған көрініс ретінде көрсетіледі.

Фестивальға Қазақстан, Түркия, Якутия, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Башқұртстан, Әзірбайжан және басқа да мемлекеттерден өнер қайраткерлері қатысады.

ШҚО ақпараттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив