KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
484.37 531.06 5.05

Шемонайха ауданында оқушыларға бал мен сүт тегін берілетін болады

22.08.2013, 18:00 169


ШҚО Шемонайха ауданында 1-қыркүйектен бастап оқушыларға бал мен сүт тегін берілетін болады.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Шемонайха ауданына жасаған жұмыс сапары барысында мәлімдеді. Аймақ басшысы жергілікті шаруа қожалықтарының жетекшілеріне бал өндіруден облыс бойынша көш бастап келе жатқан ауданның оқушылары бал мен сүтпен тегін қамтамасыз етілуі керек деген ұсыныс айтты. Ауданының шаруа қожалықтарының жетекшілері облыс әкімінің ұсынысын бірауыздан қолдады. Бұйырса, 1 қыркүйектен бастап Шемонайха ауданының барлық мектептерінің оқушылары 1 стақан сүтпен және 20 грамм балмен тегін қамтамасыз етілетін болады.

-Жапондар неге ұзақ өмір сүреді? Өйткені, олар өздері бір грам бал өндірмесе де барлық оқушысын балмен және сүтпен қамтамасыз етіп отыр. Біз тонналап бал өндіріп жатсақ та, балаларымызды балмен толық қамтамасыз ете алмай отырмыз. Біздің балаларымыз сағыздың орнына бал жеп, зиянды сусындардың орнына сүт ішсе денсаулығы нығайып, жастарының ұзақ болары анық, - дейді Бердібек Сапарбаев.

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың бұл ұсынысы Шемонайха ауданынан кейін облыстың өзге аудандарында да жүзеге асуы да әбден мүмкін.


ШҚО ақпараттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив