KZ
Өскемен
+14°
небольшая облачность жел 1,7 м/с, В
439.43 473.31 4.82

Оқырмандар ұлы Абайдың сүйіп оқыған кітаптарымен танысты

21.08.2013, 18:00 144


Бөрілінің оқырмандары ұлы ақын Абай сүйіп оқыған кітаптармен, жазушы Мұхтар Әуезовтың өміріне қатысты сирек жәдігерлермен танысу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Еліміздің Ұлттық кітапханасы мен «М.Әуезов» қоғамдық қоры жариялаған «Әуезовті оқимыз» атты халықаралық акция аясында Абай атындағы әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен жазушының туған жері - Бөріліде әдеби-сазды кітап керуенін өткізді.

Кітапхана қызметкері Қ.Нұрқасым жазушының өмір жолы, осы жерде дүниеге келген алғашқы көркем туындылары, қоғамдық қызметі туралы мазмұнды баяндама жасады.

Шежіреші қарт Бекен Исабаев жазушы жайында әдемі әңгіме тиегін ағытты. Әлемге даңқы жайылған М.Әуезовтің отбасы, ата қонысы – Бөрілі туралы Бекен ақсақалдың әсерлі әңгімесі жұртты тіпті қызықтыра түсті.

Жұртшылық М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасынан Еңлік, Кебек, Есет батырдың кездескен жеріндегі көрінісін Абай атындағы сазды драма театрының әртістері С.Бекбаева, Д.Байкенбаев, Қ.Божановтың орындауында тамашалады. Ал кітапхана ұйымдастырған «Дәуірдің ұлы, ғасырдың үні» атты кең көлемді кітап көрмесіне М.Әуезовтің өмірі мен қызметін қамтитын ғылыми зерттеулер, монографиялар және мерзімді басылымдар қойылды.

«Әлемге танылған ұлы тұлға» тақырыбында сирек басылымдар қоры бойынша ұйымдастырылған кітап көрмесінде ұлы ақын Абай сүйіп оқыған кітаптар, аса құнды деректерді қамтитын дүниелер бар. Сондай-ақ, жұртшылық Бөрілідегі М.Әуезовтің мұражайына қойылған құжаттармен, жазушы өміріне қатысты жәдігерлермен танысты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив