KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 1 м/с, В
474.26 514.48 5.43

Глубокое ауданындағы қазандықтардың қысқа әзірлігі ойдағыдай

15.08.2013, 18:00 164


Глубокое ауданына барған іссапары барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Глубокое және Белоусовка елді мекендеріндегі қазандықтардың қысқа дайындығын көріп қайтты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аудан халқының жартысы осы екі кентке қоныс тепкен. Қазандықтардың жұмысымен танысқан өңір басшысы дайындық жұмыстары өз ретімен жүріп жатқанын, алаңдауға әзірге еш негіз жоқтығын өз көзімен көрді.

Белоусавка кен байыту комбинаты директоры Сергей Богайчуктың айтуынша, «Қазақмыс» компаниясы жөндеу жұмыстарына 130 млн. теңгеден артық қаражат бөліпті. Бұл ағымдағы мәселелерді шешуге әбден жеткілікті.

Аудан орталығындағы қазандықтың жөндеу жұмыстары да аяқталуға жақын. «Теплоэнергия» мекемесінің директоры Р. Сейтканов айтқандай, мекеменің маусымға дайындығы 90 пайызды құрайды. Қазірдің өзінде көмірдің бір айлық қоры бар.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив