KZ
Өскемен
-3°
плотный туман жел 1 м/с, СБ
485.04 525.98 5.04

Глубокое аудандық ауруханасының құрылысы дер кезінде аяқталады

15.08.2013, 18:00 136


Шығыс Қазақстан облысындағы Глубокое аудандық ауруханасының құрылысы қайта жанданды. Емдеу мекемесі пайдалануға уақытында беріледі деп күтілуде, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, ғимараттың құрылысы 1 жылдай тоқтап қалған еді. Себебі құрылысты өз жауапкершілігіне алған мердігер компания берген уәдесінде тұра алмай, ҚР Үкімет тарапынан бөлінген 1 млрд. 800 млн. теңгені құрайтын қаржыны игере алмаған. Аурухана құрылысының созылып кеткендігіне жергілікті жұрт қатты наразылық білдіріп, ақыры бұл іске прокуратура араласқан болатын.

Қазір жауапсыз мердігер компания басшылығы өз ісін тоқтатты. Аудан орталығына ауадай қажет ғимаратты салумен өзге компания айналысуда. Құрылыс барысы бүгінгі қарқыннан таймаса, нысанның қолданысқа берілетін күні алыс емес.

- Қазіргі таңда Глубокое кентінің науқастарын емдеу, оларды ауруханаға орналастыру бойынша ешқандай мәселе жоқ. Біріншіден, олар осы жерде ем алуда. Екіншіден, Өскемен қаласында да емделеді. Қазіргі міндетіміз – осы компаниямен бірге құрылысты жылдамдатып, жыл соңына дейін аяқтау. Оған компанияның барлық мүмкіндіктері бар. Өткен компанияның кемшіліктерін қайталамайды деп ойламыз. Бұл құрылыс дер кезінде бітеді, - деп сендірді Глубокое ауданында іссапарда болған өңір басшысы Бердібек Саарбаев.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив