KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 5 м/с, СБ
479.71 533.77 5.16

Катонқарағай ауданында "Мектепке жол" акциясы қызу жүріп жатыр

15.08.2013, 18:00 128


Катонқарағай ауданында "Мектепке жол" акциясы аясында тұрмысы төмен отбасылары мен аз қамтылған жанұялардың балаларын оқу жылына даярлау жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аудандағы Яры негізгі орта мектебінің ұжымы ауылдағы жеке кәсіпкерлермен, ұлт болашағын, ел қамын ойлайтын азаматтармен кездесіп, акцияның маңызы жайлы әңгіме өткізді.

Аз қамтылған жанұя балалары анықталып, тізімі жасалды. Оларды қамқорлыққа алып, жаңа оқу жылына дайындықтарын бақылау мақсатында мұғалімдер олардың үйлерін аралап, ата-аналарымен әңгімелесті.

Ал мектеп мұғалімдері С. Асанова мен А. Тілеуханова 1-сынып оқушысы Гордеева Варвараға мектеп құралдарын сыйлап, 4-сынып окушысы Федорова Дианаға киім түрінде көмек көрсетті.

Ауылдағы дүкен иелері жылдағы дәстүр бойынша мектеп құралдарын арзандатылған бағамен әкеліп, қамтамасыз етуді қолға алған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив