KZ
Өскемен
+24°
переменная облачность жел 2 м/с, З
450.79 482.21 5.05

Өскеменде теміржолшыларға ескерткіш қойылды

11.08.2013, 18:00 121


Өскеменде теміржолшыларға арналған ескерткіш орнатылды. Ескерткіштің ашылу салтанатына қала әкімі Темірбек Қасымжанов қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне жүгініп.

Ескерткішті ашу құрметі қала әкімі Темірбек Қасымжанов және теміржол ардагері Төлебек Исабаевке берілді.

Жалпы мұндай ескерткіш облыс орталықтарының қай-қайсысында болмасын бар екен. Енді көптен күткен шойын паравоз Өскеменнен де орын алды.
Өскеменде теміржолшыларға ескерткіш қойылды
Қала басшысының айтуынша, Қазақстан теміржолының Шығыс Қазақстанның және Өскемен қаласының дамуына қосып жатқан үлесі өте үлкен.

Құрметті теміржолшы Төлебек Исабаев соғыс жылдарында теміржолдың майданға қару-жарақ, оқ дәрі, азық-түлік жеткізіп отырған негізгі көлік болғандығын ерекше атап айтты.

Салтанатты шара соңында қойылған мерекелік концерт жиналғандардың көңіл-күйін бір көтеріп тастады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив