KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 1,6 м/с, В
443.44 480.51 4.88

Құрылыс нысандары қала әкімінің ерекше бақылуында

27.05.2013, 18:00 118


Өскемен қаласының әкімі Темірбек Қасымжанов өз жұмыс күнін нысандардың құрылысын, жолдар мен аулаларды аралаудан бастайды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметіне сілтеме жасап.

Бүгін, 28-мамырда облыс орталығының басшысы жеңіл атлетика манежін, күрес сарайы мен жүзу бассейнін, №16 және 19 шағын тұрғын аудандарын аралып, жағдайларын өз көзімен көреді. Аталмыш нысандардың құрылысы ерекше назарға алынған, бұл жердегі құрылысты биыл жыл аяғына дейін аяқтау қажет.

Темірбек Жұмақұлұлы өзінің орынбасары Владимир Головатюкке тапсырмалардың орындалуын қатаң бақылауға алуды жүктеді.

Түстен кейін қала әкімі журналистермен бірге Аблекатка шағын ауданын аралауды жоспарлап отыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив