KZ
Өскемен
+27°
небольшая облачность жел 5 м/с, ОБ
443.44 480.51 4.88

Өскемен қаласында шешесі суға батырмақ болған алты жастағы баланы құтқарып қалған жасөспірімдер марапатталды

11.08.2013, 18:00 122


Өскемен қаласында шешесі суға батырмақ болған алты жастағы баланы құтқарып қалған жасөспірімдер марапатталды. Ержүрек балаларға грамота, ұялы телефон және гүл шоқтарын қалалық ішкі істер басқармасы бастығы Әділхан Уәлиев тапсырды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі қалалық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, 8-тамыз күні суға шомылып жүрген үш жасөспірім баласын суға батырмақ болған әйелден баласын шын мәнінде тартып алып, құтқарып қалған болатын. Содан кейін олар болған оқиға жайында тиісті орындарға хабарлаған.

«Олар адам өмірін құтқарып қалды. Баланың өмірі үшін еш ойланбастан суға бас қойды. Олар полиция қызметкерлерін шақырып қана қоймай, сонымен қатар жағдайды қатаң бақылауға алған. Бұл олардың құрбыларына үлгі боларлық іс. Сол себепті біз осындай батылдық танытқан жасөспірімдерге құрмет көрсетуді шештік», - деді Әділхан Уәлиев.

15 жастағы Тілектес Жұмабаев, 16 жастағы Еламан Рахметқалиев пен 11 жастағы Дамир Медеухановқа грамота, ұялы телефон және гүл шоқтары тапсырылды.

Жасөспірімдердің үшеуі де өскенде құқық қорғау органдарында қызмет еткілері келетінін айтқан.

Суретте Тілектес Жұмабаев ата-анасымен.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив