KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 4 м/с, СБ
483.23 534.74 5.12

«Алтын Жүрек» сыйлығына үміткерлер анықталып жатыр

6.08.2013, 18:00 186


Алматыда 7-тамызда ең ауқымды, Орталық Азияда аналогы жоқ қайырымдылық саласындағы «Алтын Жүрек» сыйлығына үміткерлерді іріктеу жұмысы басталды. Бүгіннен бастап VII жыл сайынғы қоғамдық Ұлттық «Алтын Жүрек» сыйлығына үміткерлерден өтініш қабылдау жүріп жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.


Өтініштерді қабылдау 30 қыркүйекке дейін жалғасады, алайда қазіргі таңның өзінде қабылданған өтініштердің саны өткен жылдармен салыстырғанда көңіл қуантады. Бұл жайт жыл сайын ақ ниетті «Атымтай жомарттардың» саны ұлғайып жатқандығының көрсеткіші.

«Алтын Жүрек» сыйлығының лауреаттарын анықтау үшін, қабылдап, қарастырып, өткізілген құжаттардың шынайылығына көз жеткізетін арнайы ұйымдастыру алқасы тағайындалады. Өзгермейтін ереже: қатысушылар өз кандидатураларын ұсына алмайды. Құжаттар мұқият тексерістен өткеннен кейін қазылар алқасы жеңімпазды анықтайды. Ағымдағы жылда қайырымдылық саласына және әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға барынша ауқымды үлесін қосқан номинанттар жеңімпаз аталады.

Жыл сайын сыйлық 11 номинация бойынша табысталады:
1. «Жетім балаларға көмек көрсеткені үшін» номинациясы
2. «Білім саласына қолдау көрсеткені үшін» номинациясы
3. «Мүгедек жандарға көрсеткен қамқорлығы үшін» номинациясы
4. «Спортты дамытып, оны қолдағаны үшін» номинациясы
5. «Ардагерлерге көрсеткен қамқорлығы үшін» номинациясы
6. «Жыл меценаты» номинациясы
7. «Ақпараттық қолдаушы» номинациясы
8. «Жыл қайырымгері» номинациясы
9. «Жыл ұйымы» номинациясы
10. «Денсаулық саласына қолдау көрсеткені үшін» номинациясы
11. «Қазақстанның дамуына қосқан үлесі үшін» номинациясы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив