Жыл басынан бері 259 мұқтаж азамат баспанамен қамтылды – ШҚО
Фото: depositphotos.com
Ағымдағы жылдың алғашқы 9 айында ШҚО-да 259 азамат тұрғын үймен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Рамазанов мәлімдеді.
Оның ішінде 34 жетім бала, 46 әлеуметтік осал топ өкілі, 112 көпбалалы отбасы, 48 мемлекеттік қызметші мен бюджеттік ұйым қызметкері, және тұрғын үйі апатты деп танылған 13 азамат тұрғын үй алды.
Естеріңізге салар болсақ, 2024 жылғы 1 қаңтардағы мәліметке сәйкес, Шығыс Қазақстан облысында тұрғын үй алу кезегінде 23 166 азамат тұрған. Олардың қатарында 4 355 жетім бала, 8 484 әлеуметтік осал топ өкілі, 2 167 көпбалалы отбасы, 7 888 мемлекеттік қызметші және бюджеттік ұйымдардың қызметкері, 1 Ұлы Отан соғысының мүгедегі мен қатысушысы, сондай-ақ 271 жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған азамат болған.