KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Депозитке салынған ақшаның көлемі жағынан Шығыс Қазақстан төртінші орында тұр

5.08.2013, 18:00 146


Банк депозиттеріне салынған қаражатты Шығыс Қазақстанның әрбір тұрғынына шаққанда 113 мың теңгеден айналады. Бұл деректі «Ranking.kz» агенттігі таратты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Агенттіктің ақпаратына сүйенсек, біздің өңір депозитке салынған ақшаның көлемі жағынан Алматы және Астана қалаларынан, сондай-ақ, Қарағанды облысынан кейінгі төртінші орында тұр.

Биылғы алғашқы жартыжылдықта шығысқазақстандықтардың депозиттерге орналастырған қаржысы шамамен 158,5 миллион теңгені құрапты. Соған қарағанда, адамдар табыс тауып қана қоймай, тапқан ақшаны қалай еселеуге болатынын да жақсы меңгерген секілді.

Айта кетейік, бір қазақстандық тұрғынға шаққандағы депозиттің орташа үлесі 185 мың теңгені құрап отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға артық.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив