KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
485.04 525.98 5.04

Қорған-қала Үржар ауданында ескерусіз қала бере ме?

29.07.2013, 18:00 124


Үржар ауданында Елтай ауылының іргесінде, Тамды өзенінің жағасына жақын орналасқан үлкен қорған-қала бар. Ұзындығы ат шаптырым, көлденеңі 350-400 қадымдай болады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қай ғасырда және кімдер салғаны белгісіз. Ауыл адамдары «Жамбы қорғаны» деп атап кеткен, қайсыбір азаматтар «Найман қала» дейді. Төрт бұрышында төрт мұнара және кірер қақпасының екі жағында тағы екі мұнара қаланған. Бір қызығы, қақпадан тура кіре алмайсың, екі бүйірден ғана кіруге мүмкіндік жасалған, сонан соң қақпаға бұрыласың. Қорған-қаланың айналасы кезінде терең ор болғаны байқалады. Бұл, әрине, шабуылдаушы жауға үлкен кедергі болғаны белгілі.

Қорған-қала қазір үлкен төмпешік болып жатыр. Қабырғаларының кейбір ашық қалған тұсынан күйдірілген қызыл-ала кірпіштерді көруге болады. Қаланы салғанда арнайы кірпіш құйып, әдемілеп өріп отырып қалаған. Ішінде казарма секілді ұзын-ұзын үйлер бірінен кейін бірі салынған. Тегі, тұрғындардан бұрын барақтарда әскерлер тұрған секілді. Ол үйлердің алдында кең алаң бар. Осы арада әскерлер жаттыққан болуы мүмкін.

Әттең, осы қорғанды зерттеп, қағазға түсіретін ешкім жоқ. Археолог мамандар тексеріп, бұл қорған-қаланы кімдер және қай мезгілде салғанын анықтап берсе ғой.

Бейсенғазы Ұлықбек
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив