KZ
Өскемен
-8°
туман жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Шығыс Қазақстан облыстық ауруханада емделуге жолдама алды

25.07.2013, 18:00 83


Саламатты Қазақстан» республикалық акциясы аясында жылжымалы медициналық кешен ауданның елді мекендерін аралап, скринингтік тексерулер жүргізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қан қысымының көтерілуі, қант диабеті, ишемиялық аурулармен сырқаттанған тұрғындар дәрігерлердің кеңесін тыңдап, флюорографиялық тексерулерден өтті. Басқа уақытта шалғайдағы ауылдарға келе бермейтін Шығыс Қазақстан облыстық аурухананың білікті мамандары келушілердің көкейде жүрген сауалдарына жауап беріп, дәрі-дәрмек қабылдау жөнінде нақты кеңестер ұсынды.

Он күн бойы жүргізілген шара барысында медициналық кешенмен бірге өнерпаздар және БАҚ өкілдері болды. Акция соңында семинар өткізіліп, скринингтік тексерулер анықтаған жағдайы төмен отбасылардың мүшелеріне, ауруы асқынған адамдарға облыстық ауруханада емделуге жолдама берілді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив