KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Медициналық кешен ауылдарды аралайды

24.04.2012, 18:00 289


Зырян ауданының медицина қызметкерлеріне бөлінген тіркемесі бар КамАЗ автокөлігіне орнатылған жылжымалы медициналық кешен (ЖМК) тек ауыл тұрғындарына ғана қызмет көрсетуін бастайды. Бұл туралы №1 медицина бірлестігінің жетекшісі хабарлады.

Ондағы мақсат – елудей елді мекендері бар, олардың көбісі шалғайда жатқандықтан ауданның тұрғындарын медициналық тексеруден өткізуді жең-ілдету. Себебі, ауыл жұртшылығы кәсіби медицина-лық көмекке зәру, ал қалаға барып емделуге жол алыс, қаражат қолбайлау және басқа да мәселелер кедергі келтіруде.
Қазіргі уақытта кешеннің ауылдарды аралау бағыты жоспарланып қойған. Айталық, ЖМК аппараты (УЗИ-аппарат, маммограф және басқа құрылғылар) реттелген соң, мамыр айынан бастап дәрігерлер өздерінің сауықтыру сапарына шықпақшы.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив