KZ
Өскемен
+7°
ясно жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Ерікті жасақтардың арқасында мал ұрлығы жыл сайын азайып келеді

4.07.2013, 18:00 200


Бүгінде облыс бойынша 565 ерікті құрылымдар қоғамдық тәртіптің тұрақтылығына атсалысып отыр. Бұл іске жалпы жиыны үш мыңнан астам адам тартылған . Заңбұзушылықтардың себебін анықтап, оны ашуға көмектескен белсенділерді қаржылай марапаттау үшін биыл алты млн. теңге бөлінген. Бұл қаржының 2134 мың теңгесі игерілді. Бұл жайында облыстық ішкі істер департаментінің басшысы Рашид Жақыпов баяндады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қоғамдық тәртіпті қадағалау ісіне ерікті топтарды тартып, олардың жұмысын қаржыландыруға ірі кәсіпорындарды тарту өзекті мәселеге айналып отыр. Бұл тұрғыда «Қазцинк» өзгелерге үлгі боларлықтай әрекеттерге баруда. Глубокое ауданының Белоусовка кентінде ерікті топ құру жөнінде жасалған ұсыныс «Қазақмыс» ЖШС тарапынан қол-дау таппай отырса керек. Еріктілерді жұмысқа тарту ісі Семей қаласында ақсап тұрғаны да айтылды. Ерікті жасақтарды қаржыландыру ісін жер-гілікті өзін-өзі басқару ұйымдары арқылы ұйымдастыру ісі де тежелуде.

Рашид Жақыпотың айтуынша, осы ерікті жасақтардың арқасында мал ұрлығы жыл сайын азая түскен. 2011 жылы мал ұрлығы 33 пайызға төмендесе, биылдың бес айында-ақ 22 пайызға қысқарған. Бұл істе Ұлан, Көкпекті, Жарма сынды бірқатар аудандар сылбырлық танытуда. Қазір бұл ретте көш соңында қалып отырған Көкпекті ауданы осы бастаманы облысқа ұсынған кезде аудан бойынша бір жылда жеті ұрлық қана тіркелгенін, қазір жағдай кереғар кейіпке түскенін айтады ішкі істер департаментінің басшысы.

Халықтың ауылдарда мал кезегін ұйымдастыруға құлықсыздық танытуы да баукеспелердің батылдануына түрткі болып отырған көрінеді. Қараусыз қалып, қолды болған мал табылғанымен оны іздеуге кететін шығын өтелмейтінін ешкім ескере бермейді. Мәселен, осыған дейін өрістен жоғалған 680 бас малды іздеуге 10 млн. теңгеге жуық қаражат шығындалған.

Дегенмен мал ұрлығының былтырғы кезеңмен салыстырғанда Семей қаласында – 30, Аягөзде – 38, Тарбағатайда 44 пайызға өскені тіркелген.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив