Семей қалалық жол полициясы бөлімінде арнайы кеңес өтті. Аталмыш кеңесте «Үздік автомектеп», «Үздік инструктор», «Үздік автомектеп курсанты», «Үздік жүргізуші» аталымдары бойынша үздік шыққан жеңімпаздар марапатталды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
– Бір-бірімізге деген сыйластық – ең басты мәселе. Сонда ғана жол-көлік оқиғалары азаяды, – дейді «Үздік жүргізуші» Анатолий Назаренко.
Сонымен қатар жиын барысында жол полициясының бөлімі мен «Нұр Отан» ХДП-ның қалалық филиалы бірлесіп «Жолда қабылдау» акциясын өткізу мәселесі сөз болды. Акция аясында ұйымдастырушылар мемлекеттік мекемелер және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, ел арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізбекші. Әрі азаматтарға құқықтық сауатын жетілдіруге көмектеспек.