KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 1 м/с, В
474.26 514.48 5.43

Үздік кәсіпкерлерге «Жеңімпаз-2013» белгісі тапсырылды

4.06.2013, 18:00 132


Тарбағатай ауданы орталығында «Қазақстанның үздік тауарлары - 2013» атты аудандық көрме-конкурсы өткізілді. Оған ауылдық округтердегі кәсіпкерлер мен қолөнер шеберлері қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Көрмеде ұн, сүт өнімдерінен жасалған тағамдар, ағаштан, қағаздан, темірден, ермексаздан әзірленген бұйымдар, суреттер қойылса, есік-терезе, кірпіш сияқты құрылыс материалдары да көрерменнің көңілінен шықты.

Байқау барысында үздік кәсіпкерлердің есімдері анықталып, марапатталды."Үздік ұлттық тағам өнімі" аталымында С.Молдаханова, "Үздік ұлттық қолөнер өнімі" аталымында Ж.Мешелова, "Ауыл шаруашылығының озық үлгілері" аталымында С.Әмірбекова, "Өнеркәсіптің озық тауарлары" аталымында С.Мамырбаева үздік атанып, "Жеңімпаз-2013" белгісімен марапатталды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив