KZ
Өскемен
+22°
пасмурно жел 4 м/с, В
444.14 477.05 4.85

Жүрек ұстамасына тап болғанда не істеу керек?

1.07.2013, 18:00 120


- Дәрігерлер менің 31 жасар балама стенокардияның алғашқы сатысы деген диагноз қойды. Оның қалай алдын алуға және нақты ем-дом қабылдауға болады?

Жәнібек Сайлаубаев
Ұлан ауданы.

Оқырманның бұл сұрағына Өскемендегі «Амбулаториялық орталық» мекемесінің кардиолог-дәрігері Наталья Степанова жауап береді:
– Кеуде тұсындағы жедел қан айналымдық жүрек етінің жетіспеушілігінен болатын ишемиялық аурудың клиникалық түрі стенокардия деп аталады. Жалпы, жыл сайын жүрек-тамыр ауруларынан дүниежүзінде 17 миллионға жуық адам көз жұматыны белгілі болып отыр. Соның 49,3 пайызын ишемиялық жүрек ауруы құрайды. Ста-тистикалық есепке сүйенсек, біздің облыста жыл сайын аталған ауруға шалдығушылар көбейіп отырғаны (2010 жылы 3400, 2011 жылы 3650, ал өткен жылы 4010 адам) байқалады.

Ұстама жүріп келе жатқанда немесе қол жұмысын атқарып жатқанда пайда болса, жедел түрде тоқтап, артық қимыл жасамау қажет. Ал стенокардияның созылмалы ұстамасы пайда болған жағдайда дереу отыру керек немесе жата тұрған дұрыс. Терең тыныс алып, аяғына жылы төсеніштер (грелка) қою және дереу жедел жәрдем көмегін шақырту керек.

Егер де ол тынышталған жағдайда да басылмаса, тіл астына нитроглицерин таблеткасын қойса, ұстаманың алдын алуға болады. Егер үйдегі аптечкада нитроглицерин болмаған жағдайда тілдің астына 1 таблетка коринфар қоюға тырысыңыз. Бір ескеретін мәселе, стенокардия ұстамасынан кейін тез арада төсектен тұрып кетуге болмайды. 1-2 сағат толық тыныштық сақтап, учаскелік дәрігердің келуін күткен жөн. Валидол, валокардин, валокармид сияқты дәрілердің мұндай кезде әсері өте төмен болады.

Ғафура Сәрсенбайқызы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив