KZ
Өскемен
-3°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Республикалық әскери-ұлттық ойындар Абай елінен бастау алды

27.06.2013, 18:00 254


Абай елінде басталған биылғы спорттық сайысқа еліміздің Астана және Алматы қалалары бастаған облыстардан 16 команда қатысуда. Ойынның өтуіне «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы мен Білім және ғылым министрлігі республикалық оқу-әдістемелік қосымша білім беру орталығы ұйытқы болды, деп хабарлайды Altaynews.kz.


Республикалық әскери-ұлттық ойындар Абай елінен бастау алды«Жас Ұлан» республикалық әскери-спорттық ойындарының салтанатты ашылуына зиялы қауым өкілдері мен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының басшылары және облыстық білім басқармасының өкілдері қатысты.

Салтанатты шарада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минстрлігінің республикалық оқу-әдістемелік қосымша білім беру орталығының директоры Үміт Жексенбаева осындай ойындар әскери-патриоттық тәрбиені насихаттайтынын жеткізіп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Қонақтар мен жасұландықтар әскери қойылымдарды тамашалады. Шара соңында қатысушылар мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, соғыс жылдарында ерлікпен қаза тапқан батырлардың рухына тағзым етті.

Жарыс бағдарламасы бойынша ел тыныштығын сақтайтын Отан қорғаушы болуды арман ететін сайыскерлер белтемірге тартылып, суға жүзеді. Сонымен қатар қару құрастырып, мергендіктерін сынайтын болады.

Ж.Санияз

Суреттер автордікі.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив