KZ
Өскемен
+23°
ясно жел 1 м/с, С
474.26 514.48 5.43

Бесқарағайда неміс тілі курсы ашылады

26.06.2013, 18:00 132


Бесқарағай аудандық Достық үйінде «Возрождение» неміс қоғамы мен Семей қаласындағы «Glück» неміс жастарының клубының бастамасымен семинар өткізілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Басқосуда аудан жастарымен әртүрлі жобаларды ұйымдастыру және жүзеге асыру, халықаралық және республикалық гранттарға қатысу, волонтерлық жұмыстар туралы әңгіме қозғалды.

Бесқарағайда неміс тілі курсы ашыладыАуданның жастарын әсіресе семейлік неміс жастар клубы мүшелерінің неміс тіліне үйрету тәсілі қызықтырды. Соны байқаған аудандық Достық үйінің директоры міндетін атқарушы М.Абылгазинова «Возрождение» неміс қоғамының төрайамы Л.П.Гончарукқа ауданның Достық үйінде неміс тілін үйрену курсын ұйымдастыру жөнінде ұсыныс білдірді. Курстар ашылған күнде ниет білдірушілер неміс тілін тегін меңгеретін болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив