KZ
Өскемен
снег жел 1 м/с, СШ
487.24 529.34 5.02

Аудандар мен қалаларда онлайн-орталықтар ашылды

25.06.2013, 18:00 199


Өскеменнің іргесіндегі Шығыс ауылында қалалар мен аудандардағы жастар орталықтары директорлары, жастар ұйымдары жетекшілері, сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен кітапханалар өкілдері бас қосты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Іс-шара «Шығыс» онлайн-орталығында өтті. Мұнда ауылдағы кәсіпкерлердің жұмысына қолдау көрсетуге, олардың инновациялық технологияларға деген қызығушылығын арттыруға арналған осындай орталықтардың таныстырылымы ұйымдастырылды. Аталмыш орталықтар жергілікті жерлердегі кітапханалардың базасында жұмыс істейтін болады.
Жүздесу барысында жастар орталықтары жұмысының және салауатты өмір салтын насихаттау, отансүйгіштікке баулу және өзге де маңызды бағыттар жөніндегі жобалардың тиімділігін арттыру бойынша ұтымды ұсыныстар айтылды.

– Біз жастар орталықтарының жұмысына талдау жасап көрдік, нәтижесінде бірқатар олқылықтарды аңғардық. Жастармен жұмыс істеудің өзіндік ерекшеліктері де бар. Осы салада еңбек етіп жүрген адам заңнамалық акті-
лерді, әкімшілік саладағы жұмыстың қыр-сырын, бюджеттік кодексті жетік білуі тиіс. Біз қазір мамандарға арнап сондай мәліметтер қорын және әдістемелік құралдарды әзірлеп жатырмыз, – дейді облыстық жастар мен балалар ұйымдары қауымдастығының төрайымы Ольга Бобрышева.

Басқосу барысында осы және басқа да мәселелерге қатысты өз ойларын облыстық жастар ісі жөніндегі басқарманың басшысы Жасұлан Сәрсебаев, облыстық жастар орталығының директоры Арайлым Есімбекова, Пушкин атындағы облыстық кітапхана директорының орынбасары Бибігүл Шағиева және басқа да қатысушылар ортаға салды.

Азаматтық қоғам альянсының жетекшісі Мунира Абулова жиналғандарға Елбасымыздың «Қазақстан-2050» Стратегиясын және өзге де бағдарламалық құжаттарын насихаттау жөніндегі бірқатар іс-шараларды қамтитын ауқымды жобаны таныстырды.

Кездесу соңында қалалар мен аудандардағы онлайн-орталықтар қатысқан онлайн-сессия болып өтті.


Ержан Әбіш

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив