KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 4 м/с, В
471.46 504.79 5.53

Семей әскери-техникалық мектебінің курсанттары ант қабылдады

24.06.2013, 18:00 239


Үш жарым ай бойы арнайы дайындықтан өтетін Семейдің әскери – техникалық мектебінің 90 курсанты ант қабылдады. Ант қабылдау рәсімі дәстүрлі түрде жыл сайын маусым айының соңында Жеңіс саябағында өткізіледі. Оқу барысында болашақ сарбаздар жүргізуші кәсібін меңгеріп, автокөліктің құрылысын игеретін болады.

- Бізде үш оқу взводы бар. Екі взводттың курсанттары әскери көлік жүргізуші мамандығы бойынша В және С санаттарын игерсе, үшінші взвод БАТ-М механиктерін дайындайды.

Семей әскери-техникалық мектебінің курсанттары ант қабылдадыМектепті тәмамдағаннан кейін бітірушілерге арнайы сертификат беріліп, күзде ҚР Қарулы күштерінің қатарына шақырылады. Әскер қатарына жаңадан шақырылған бозбалаларға қарағанда, алдын – ала дайындықтан өтіп, әскери өмірдің мән – жайын білетін курсанттарға Отан алдындағы борышын өтеу жеңіл болады, – дейді ӘТМ директоры Владимир Александров.

Сонымен қатар В. Александровтың мәлімдеуінше, бұл соңғы шақыру, себебі күзден бастап мектепте тек резервитер дайындықтан өқтетін болады. Оқу ақылы негізде болады. Айлық оқу - жаттығулар аяқталғаннан кейін курсанттар арнайы сертификат пен әскери билетті иеленеді.


ШҚО ақпараттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив