KZ
Өскемен
+13°
небольшая облачность жел 4 м/с, В
441.66 475.14 4.86

Семейде егістік аумағы артты

24.06.2013, 18:00 180


Семейде көктемгі егіс жұмыстарының қорытындысы шығарылды. 2012 жылмен салыстырғанда егістік аумағы 18,3 пайызға артқан, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Биыл мол және сапалы өнім алу үшін шаруашылық қожалықтары Голландия мен Ресейден картоп пен бақша және көкөністердің жақсы тұқымдарын сатып алды. Техника алдын ала әзірленіп, жағар май мәселесі де ойдағыдай шешілген болатын. Осы дайындықтың барлығы егіс науқанын дұрыс ұйымдастыруға игі ықпалын тигізді», дейді қалалық ауыл шаруашылық бөлімінің мамандары.

Қалалық ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімінің мәліметтері бойынша, өңірде барлығы 11 339,7 гектар аумаққа егіс егілді. Олардың ішінде мың гектарға жуық дәнді дақылдар, 3300 гектарға картоп, 1400 гектарға көкөніс, 80,7 гектарға бақша өнімдері , бес мың гектарға жуық аумаққа көп жылғы шөптер егілді.

ШҚО ақпараттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив