KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 3 м/с, З
441.58 480 4.86

Күршімде алты түлек "Алтын белгіге" қол жеткізді

24.06.2013, 18:00 142


Күршім ауданында 2013 оқу жылында "Алтын белгі» мен «Үздік аттестат» алған оқу озаттары мен спортта жоғары жетістіктерге жеткен түлектерге құрмет көрсетілді , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Биыл ауданның 6 оқушысы кеуделеріне "Алтын белгі" қадаса, бір түлек "Үздік аттестат" иеленді. Аудан әкімінің орынбасары Р.Үмітбаева жүлдегер түлектерді құттықтап, оларға жарқын жол тіледі. Оларға "Алтын белгі "төс белгілері мен Алғыс хаттар, бағалы сыйлықтар салтанатты түрде табыс етілді.

Күршімде алты түлек "Алтын белгіге" қол жеткіздіАуданның мақтанышына айналған түлектерді аудандық мәслихаттың хатшысы Қ.Әбілмәжінов, аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Б.Нұрымова, Теректі №1 орта мектебінің директоры С.Ақанов, «Алтын белгі» иегері №3 Күршім гимназиясының түлегі Д.Байжан, «Алтын белгі» иегері Қалжыр орта мектебінің түлегі С.Тоқтарғалиева, үздік спортшы Күршім орта мектебінің түлегі Н.Төкенов құттықтап, сәт сапар тіледі.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив