KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 1 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Республикалық турнир өтті.

22.06.2013, 18:00 248


Семейде өткен балалар мен жасөспірімдердің «Былғары доп» жарысы қазақ футболының 100 жылдығына арналды. Турнирді ұйымдастырушылар Қазақстан Футбол Федерациясы, ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы денешынықтырудың ғылыми-тәжірибелік орталығы және «Coca-Cola» компаниясы.

Матчты тамашалауға келген қала әкімі Айбек Кәрімов жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табыс етті.
-- Жастар мен оқушылар арасында футболға деген қызығушылық артып келеді. Балалардың қалыптасуы осы кезден бастау алады. Егер балалар қазірден бастап жақсы тәрбие алса, алдағы уақытта патриот болары сөзсіз. Бір ғана спортшы өзінің жеңісімен елін күллі әлемге таныта алады, -- деді қала әкімі өз сөзінде.

Қазақстан футбол Федерациясының балалар мен жасөспірімдер бөлімінің жетекші маманы Игорь Утробиннің айтуынша, турнирге облыстардан 360 бала қатысқан. Олар өз жерлерінде озық деп танылғандар екен.

Турнирдің жабылуына атақты футболшы Руслан Балтиев келіп қатысты. Ол ел құрамасы үшін ең ұтымды ойнаған спортшы. Турнир қорытындысы бойынша, бірінші орынды Алматы облысының футболшылары, екінші орынды Павлодардың, ал үшінші орынды Астана командасы иеленді.

Олар спорттық жабдықтар сатып алу үшін ақшалай сертификаттарға ие болды. Кубоктар мен медальдер және арнайы жүлделер табыс етілді.

Мәлімет көзі Altaynews. kz
Раушан Нұғманбекова




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив