KZ
Өскемен
+24°
гроза жел 1 м/с, С
450.79 482.21 5.05

Қызылордада 27 мектеп басшысыз қалды

13.06.2013, 18:00 218


Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Ұлттық бірыңғай тестілеуден төмен нәтиже көрсеткен 27 мектептің директорын қызметінен босатты. Алайда бұл жайында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мүлде хабарсыз болып шықты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Биылғы ҰБТ нәтижелері бойынша облыстар арасында Сыр елі бар болғаны 11-орынға тұрақтаған. Облыстағы 7 мың 755 мектеп бітірушінің 5 мың 178-і тест тапсыруға өтініш берсе, соның 106-сы ҰБТ өтетін күні сынаққа қатысудан бас тартқан.

Аймақ басшысының айтуынша, тест нәтижесінің төмен болуының себебі – мұғалімдер білігінің нашарлығы. Қаһарына мінген облыс әкімі келесі оқу жылында облыс білім саласында алдыңғы бестікке ену керек деген тапсырма берді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив