KZ
Өскемен
-18°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
518.14 537.57 5.27

Глубокоеда екі пәтерлі 24 үй салынады

Фото: Редакция мұрағатынан

17.06.2024, 17:11 158 Нұржан Кенжеұлы

Глубокое ауданында «Бір қабатты Шығыс» жобасын іске асыру жалғасады.

Аудан басшылығының хабарлауынша, өткен жылы өңірдің 5 ауылында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналған 7 жеке тұрғын үй салынған. Тағы 13 пәтер Глубокое кентінде орналасқан, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Белгілі болғандай, биыл өңірде екі пәтерлі 24 үй салу жоспарлануда. Барлығы 48 отбасыға шақталған бұл үйлер Белоусовка, Кожохово, Черемшанка, Быструха, Бобровка, Прапорщиково, Тарханка, Березовка, Веселовка, Заречное, Перевальное, Предгорное және Уварово ауылдарында бой көтеретін болады. Бұқ мақсатқа 523,7 миллион теңге бөлу қарастырылған.

Осы ретте, аудан басшылығы Глубокое кентіндегі қайта жаңартылатын 3 қабатты үйден 26 пәтер сатып алуды жоспарлап отырғанын да айту керек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу