KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Бұқтырма жағалауына қоғамдық көлік жүре бастады

12.06.2013, 18:00 311


Бұқтырма жағалауында дем алғысы келетіндер үшін жағымды жаңалық: Өскеменнен «Көгілдір бұғаз» бен «Айна» демалыс орындарына арнайы автобустар жүретін болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Автобус Абай даңғылында орналасқан автобекеттен күн сайын таңғы 8.20-да аттанады. Қоғамдық көлік әзірге күніне бір-ақ рет қатынағанымен, демалушылардың санына қарай қосымша рейстер ашылуы да мүмкін.

Автобекет қызметкерлерінің мәліметтері бойынша, "Айна" демалыс орнына дейін ересектер билетінің құны 850 теңге, ал "Көгілдір бұғазға" дейін - 650 теңге. Ал 7 мен 15 жас аралығындағы балалар үшін билеттер 50 пайыздық жеңілдікпен сатылады.

Билеттерді алдын ала сатып алуға болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив