KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Қазақстанда есептеу-қаржы орталығы құрылатын болады

7.05.2013, 18:00 335


Жаңартылатын энергия көздерінен өндірілетін электр қуатын сатып алу үшін Есептеу-қаржы орталығы құрылатын болады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі 24.kz телеарнасының мәліметіне жүгініп.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров осылай деп мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, Заң жобасына сәйкес, жаңартылатын энергия көздерін өндіретін ұйымдар алдағы уақытта 3 жүйені таңдайтын болады. Оның бірі – Есептеу-қаржы орталығымен келісімшарт жасасу, екіншісі – тұрақты тариф негізіндегі схеманы таңдау, ал үшіншісі – «Электр энергетикасы туралы» заңнамаға сәйкес екіжақты шарт бойынша бекітілетін тарифте қалу.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив