KZ
Өскемен
+3°
переменная облачность Штиль
481.19 538.45 5.18

"Тамаша " ойын-сауық атауы Семейде гастрольде жүр

6.06.2013, 18:00 145


Еліміздегі ең танымал, әрі жасы үлкен әзіл-сықақ театрлардың бірі – «Тамаша» өзінің гастрольдік сапарын қасиетті Семей жерінен бастап отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Өнер сахнасында 35 жыл бойы еңбек етіп, көрермендерін тамаша дүниелерімен қуантып келе жатқан бұл театр қазақтың ұлттық мақтанышына айналып үлгерген. Сондай-ақ, «Тамаша» әзіл-сықақ отауы отандық эстраданың өсіп-өркендеуіне де зор үлес қосуда.

Семейге жасаған гастролін өнер ұжымы қаладағы мүгедектер және қарттар үйлеріне қайырымдылық концертін беруден бастады. Концертте Асылбек Боранбай, Марат Көккөзов, Саттар Ерубаев, Бауыржан Ордин және басқа да актерлер болды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив