KZ
Өскемен
туман жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Аягөзде полиция қызметкерлері кәсіпкерді айуандықпен өлтірген

6.06.2013, 18:00 309


Аягөз аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары екі әріптесімен қосылып, астаналық кәсіпкерді айуандықпен өлтіріп, төрт жарым миллион теңгесін қалталарына басқан. Аталмыш қылмысқа байланысты облыстық ІІД бастығы Рашид Жақыпов жедел брифинг өткізді. Оның айтуынша, орын алған факті әсерінен ішкі істер органдарының беделіне үлкен нұқсан келіп отыр , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

– Егер қылмыстары дәлелденсе, ауыр қылмыс жасаған полицейлер қатаң жаза алатыны белгілі. Қайтыс болған азаматтың туған-туыстарына көңіл айтамыз. Ауыр қылмысқа барған үшеуі ішкі істер органынан босатылды. Аягөз қалалық-аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы да қызметінен кетті. Тергеу нәтижесін хабарлайтын боламыз, – деді брифингте облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Рашид Жақыпов.

30-мамырда Аягөз қаласының 66 жастағы тұрғыны Сабыр Рамазанов қалалық ішкі істер бөліміне келіп, өзінің туған жиені, Ақмола облысының тұрғыны, 36 жастағы Ұлан Берікхановтың із-түзсіз жоғалып кеткені туралы хабарлайды. Ол жиенімен 28-мамыр күні таңертеңгі сағат 10.30-да сөйлескенін, одан кейін хабарласа алмағанын айтады.

Кәсіпкер Ұлан Берікханов өткен айдың соңында Аягөзге мал сатып алу үшін келген екен. Қалталы азамат туралы ақпарат аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Алтынбек Жұмабековке жеткен. Сөйтіп, ол тағы екі офицермен қосылып, қылмыстың жоспарын құрады. Соған сәйкес подполковник Жұмабеков мыңғырған мал ұстайды, соны көрсетеміз деп, кәсіпкерді қала сыртына алып шығыпты. Оны екі рет аңшы мылтығымен атқан. Ал төрт жарым миллион теңгені үш сыбайлас өзара бөлісіп алыпты. Қазір погон таққан қаскөйлер абақтыда отыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив